Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Жасай бер, ана

Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?
Сен болмасаң, аяулы асыл ана,
Шуағым боп күн нұры шашыла ма?
Ақ сүтіңмен аялап нәр бермесең,
Күй сандығым күмбірлеп ашыла ма?

Қайырмасы:
Ана, аяулы жаным, ана,
Арайлы таңым, ана,
Жасай бер мәңгі.
Ана, көңілдің гүлісің сен,
Өмірлік ырысым, ана,
Тіршілік тынысым, ана,
Арнадым өзіңе ғана осынау әнді.

Асыл анам, жанымда жүре берші,
Жаз күніндей жайраңдап күле берші.
Аппақ қардай кіршіксіз көңіліңмен
Жүрегіме жылу боп кіре берші.
Балаң болып ер жетіп, марқайсам да,
Жасай берші, жан ана, қартайсаң да.
Мәңгі көктем – өмірдің өзегісің,
Мейірімің – көл-көсір, дарқан дала.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу