Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  109


Автор: Абдрахман Асылбек

Сенемін саған

Әнін жазған Иван Бреусов

Терезені қар басып тұр,
Екеуміз отырмыз оңаша
Келер дейміз алмасып бір,
Көктемнің күндері тамаша.
Соны ойлап үміт артып,
Жақындап саған,
Көңілденем күліп шалқып.

Қайырмасы:
Сенемін саған,
Сен де маған
Болмай алаң, сенші маған.
Сенемін саған,
Сен де маған
Сенім артып,
Келші маған.

Сенімсіздік жоғалады,
Өзара жарасып жұбымыз.
Бақыт құсы оралады,
Күмбірлеп күміс күй үніміз.
Алаулаған деміңді бас,
Қызықпен балдай
Өткізейік өмірді жас.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу