Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  150


Автор: Абдрахман Асылбек

Қайтала

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Мен өзіңе асығып келемін,
Ойда өрнек өлеңім,
Келбетіңе бас ұрып келемін.
Көңіл зулап,
Жүрек тулап,
Тау суындай тасынып келемін.
Жетсем деймін,
Тек сен деймін,
Бұл өмірде өзіңсің керегім,
Саған ғана сенемін.

Қайырмасы:
Қайтала, қайтала
Сиқырлы кездерді.
Қайтала, қайтала
Сүйкімді сөздерді.
Қайтала, қайтала,
Қайтала!

Айдындағы аққудай мүсіндім,
Алғаш ептеп қысылдың,
Жағдайыңды мен де тез түсіндім.
Келе-келе,
Ерік бере,
Ақ білекті ақырын ұсындың.
Діріл қағып,
Күлім қағып,
Қуатымен махаббат мысыңның
Тұзағыңа түсірдің.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу