Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  158


Автор: Абдрахман Асылбек

Махаббат – бал өмір

Әнін жазған Қуат Шілдебаев

Көптен сағынған көктем келді де,
Қыс күні алмасты.
Күміс күлкіге кезек берді де,
Жас өмір жалғасты.

Қайырмасы:
Тамаша күндер,
Тамаша түндер –
Шалқыған ән-көңіл.
Дүние думан,
Қызықты қуған
Махаббат – мәңгі өмір.

Ерте оянып ерке бұлақтар,
Көңілді ән келді.
Гүлге оранып көркем қыраттар,
Ерекше сән берді.

Қайырмасы:

Тәңір табиғат шашып шапағат,
Бәрін де түлетті.
Көктем нұрымен гүлдеп махаббат,
Тербеді жүректі.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу