20.02.2022
  169


Автор: Абдрахман Асылбек

Телпек

Көктем келді,
Жаз келді.
Көлге үйрек,
Қаз келді.
Дала жасыл
Болып тұр.
Қызғалдаққа
Толып тұр.
Қыран шарлап
Қиясын,
Құстар салды
Ұясын.
Шопан ата
Еріп жүр.
Түйелері
Өріп жүр.
Ашылды күн
Себелеп.
Жар салып жүр
Көбелек:
– Кел, Телпегім,
Телпегім!
Таратайын
Мен тегін.
Міне, мынау
Ақ телпек.
Шопандарға
Шақ телпек.
Тырна, саған
Сұр телпек.
Түйеге де
Бір телпек.
Үйрек, саған
Көк телпек.
Қозы, саған
Ақ телпек.
Болса-дағы
Көп телпек,
Қу түлкіге
Жоқ телпек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу