20.02.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Таңғы серуен

Таңертең жайланып,
Атыңа мінсең бір.
Аулыңның аймағын
Аралап жүрсең бір.
Таңды ерте атырған
Ақ селеу сақалды,
Қол бұлғап шақырған
Көресің атаңды.
Кілемін тоқыған
Шырқатып шат әнді,
Құлшынып отырған
Көресің апаңды.
Ауылдан жыраққа
Ұзаған бойда-ақ тым,
Келеді құлаққа
Үргені Мойнақтың.
Есіңнен кетер ме
Ұят іс еткенің:
Күшікті бекерге
Қалдырып кеткенің.
Содан соң Мойнаққа:
«Қуып жет,
Ер», – дейсің.
Атың тұр ойнақтап,
«Жарысып көр!» – дейсің.
Дөңгелеп маңайың,
Құйғытып шабасың.
Алтын күн арайын
Сен қарсы аласың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу