20.02.2022
  228


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған күн

Туған күнім – бақ күнім,
Туған күнім – шат күнім.
Сыйлайды дос, құрбылар
Қызыл гүлін, ақ гүлін.
Туған күнім – шуақ күн,
Жылда келер бір-ақ күн.
Көңілді күй тербейді
Сылдырындай бұлақтың.
Аспаным да кеңейді,
Достарым да көбейді.
Туған күнді бір тойлап,
Қуанышқа бөлейді.
Туған күнім бір басқа,
Жылжып келген жыл басқа.
Былтырғыдан есейіп,
Өсіп қалдым бір жасқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу