20.02.2022
  280


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңа күн

Күндей күліп қабағым,
Жарқырайды жанарым.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа достар табамын.
Алға тартып талабым,
Мектебіме барамын.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа білім аламын.
Құтты болып қадамым,
Бар ынтамды саламын.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа өнер табамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу