Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  187


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Іңкәр сезім

Керікті едің, недеген керікті едің?!
Бұрын мұндай керікті керіп пе едім?!
Еліктіріп еріксіз елік – кезің,
Желпіндіріп тастады желік сезім!
Еліктірдің, керемет желіктірдің!
Кекірегіме күй толы керік құрдың!
Арманымды аспанға лақтырып,
ақ жүзіңді Айдағы керіп тұрмын!
Керікті едің недеген керікті едің?!
Кектем етті кеңілімді керікті еңің!
Іштарлықтың орнына құштарлық Күн
сыйлағалы сен Ай боп келіп пе едің!
Керікті едің, недеген керікті едің?!
Найзағайды ұшырды жерік кезім!
Аспаныңда күркіреп желік сезім
кірпігіңнен бір ұшқын беліп бердің!
05 мамыр, 2005 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу