Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  122


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Алтай тойына толғау

Алтын Алтай алқалы,
Жерұйықтың шалқары.
Салтанатты сенімен,
Думандатқан ортаны.
Құтты болсын 40 жылдық,
Тойларыңыз торқалы!
Шабыт кернеп кеудені,
Атақ, даңқың артады.
Шалқып, тасып кеңілдер
Шаттық күйін тартады.
Кемпір, шалдар бас пірі!
Еске түсіп жас күні,
Дүрсілдетсін жүректі,
Қуаныштың тасқыны!
Жалаңаштың жайлауын,
Шат тойшылар басты үні.
Сейгүлігі жарысып,
Палуандары алысып,
Садақтарын сайлаған,
Ақындары сайраған.
Мере-сере болатын,
Ырғап-жырғап қалатын,
Бұл ‒ халқымның дестүрі!
Ыстық лебіз шарпыған,
Ен деулеті шалқыған,
Айналайын ақкеңіл,
Алтайымның халқынан!!
Аталардың жиылып,
Аруағына сыйынып,
Тойға келген халыққа,
Селем бердім иіліп!!
Дүние бірақ езгерді,
Езгергенді кез керді.
Зуха батыр рухына,
Бас иетін кез келді!!
Құдай, аруақ қолдаған,
Ел намысын қорғаған
Туды Алтайдан талай Ер
Бұрын-соңды болмаған!
Асқақ Алтай, Ер Алтай!
Керкі сұлу, Сері Алтай!
Той қызығын кер, Алтай!!
Ақ батаңды бер, Алтай!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу