Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  157


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Асыл анам

Қарапайым биязы қалыбымен,
Тіл табысқан қара орман халығымен.
Асыл анам арманымның ақ сұңқары
Тетті қылған тамаша тағылымымен.
Күн нұрындай аймалаған
Сіздей адам қайда маған?
Айналайын қайран анам!
Қайран шешем! Қайран анам!
Ауыртпалық нар жүгін артып еттің,
Мехнатын емірдің тартып кеттің.
Балқып еттің, сара жол тарту еттің,
Басымызға нұр сыйлап, шарпып еттің.
Күн нұрындай аймалаған,
Сіздей адам қайда маған.
Айналайын қайран анам!
Қайран шешем! Қайран анам!
6. IX. 2000ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу