15.02.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Қолтырауын

Ыстық жақтың көлдері,
Өзендері – мекені.
Қатар-қатар көн тері,
Қалыңдығы екі елі.
Аузын ашып апандай,
Жүзеді екен ақырын.
Балықтарды бақандай
Жұтады екен батырың.
Қолтырауын қомағай,
Қанша сұсты болса да,
Бұрыла алмас ол оңай,
Жылдам емес оншама.
Асып-саспай, артына
Бұрылғанша оралып,
Кейбір балық шарқ ұра,
Кетеді екен жоғалып.
Қолтырауын сол шақта
Дәулігіне қарамай,
Көзден жасы моншақтап,
Жылайды екен баладай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу