Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  144


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАРАҚАТ КӨЗДІ АҚҚУЛАР

Бұл жерде жаман-жақсы бар,
Сөзіме айтқан сеніңдер.
Қарақат көзді аққулар,
Қай жақтан ұшып келдіңдер.
Үйреніп өскен кең жерге
Ілесіп бірге менімен.
Келдіңдер ме əлде
сендер де
Қазақтың айдын көлінен.
Келгендей маңай жаңара
(Емес бұл айтқан дақпыртым).
Бөлініп түскен жағаға,
Бөлшегі ме еңдер ақ бұлттың.
Маңғазсып маған
қырыңнан
 Қарайсыңдар-ау!
Сақсыңдар.
Мамырдың түнгі нұрынан
Жаралдыңдар ма,
аққулар?
Мəн беріп əрбір бедерге ол
Ақ толқындардан ойғандай.
Ақ мəрмəр тастан шебер қол,
Сендерді қашап қойғандай.
Көрініп бейне егіздей
Біріңнен бірің аумайсың,
Көңілімді тербеп теңіздей,
Көзімді менің арбайсың.
Көріну үшін елдерге
Балтықтың айдын төрінен,
Келдіңдер ме əдейі
сендер де
Қазақтың Шалқар көлінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу