Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  83


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - ТӨРТІНШІ ЖЫР

Атамен де ақсақал,
Анамен де,
Ақ қайыңды ат қылған баламен де,
Сырлас болған, Емілім,
Ежелден-ақ
Ағын болып қосылған Алакөлге.
Алакөл де бассалды бауырына ап,
Қыстың күні оранып дауылына ақ.
Құлжа мүйіз,
Хрусталь толқындары
Жаздың күні жатады ауыр құлап...
Кеткенмін Алакөлге кəнігі боп,
Көңілімде жатады əні бүрлеп.
Көктем күні шашылған уылдырық,
Есейеді жазды күн балығы боп.
«Мың бір түнге» айтады тақай əрі,
Өзен мен көл аңызын атай əлі.
Көктемеде балапан болған үйрек,
Күздігүні қанаты қатаяды.
Көл, өзеннен жері жоқ шошынысқан,
Айдынға өзен құйылған осы тұстан.
Алакөлім өзендер «коллективі»,
Қандай жақсы бірігіп, қосылысқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу