Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  74


Автор: Құл-Керім Елемес

НАДАН

Таныса Аллаһты адам жақсы көрмек,
Сөйтсе адам «Аллаһ» деген жақсыға ермек.
Сөйтсе адам «Аллаһ» деген жақсыға еріп,
Болмайды онда надан бақсыға ермек!
Таныған Оны өмірін Жұмақтайды.
Қыңбайды келсе қанша сынақ – қайғы...
Танымсыз көкірегі жабық надан,
Жоқ біліп Оны ешқашан ұнатпайды.
Ол ма, ол «Аллаһ» десең ауырады.
Ол жәйлі орынсыз бос дау ұрады...
Ол ма, ОЛ жаратқанның бәрін сүйіп,
Оның тек, тек Өзіне жауығады!
Өкінішті, ә!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу