Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  100


Автор: Құл-Керім Елемес

ШЫН СӨЗ

Қарамай Хақ сөзі – Құранға,
Құл сөзіне өтірік жуықпыз.
Тұрса да шын хақ сөз Құранда,
Келеміз жалғанды қуып біз.
Келеміз жалған сөзді растап,
Хақ сөзін ақтарып бір білмей.
Ақылдан аулақта рас қап,
Жалғанды талшықтап, ділгірлей...
Құл сөзін «өнер» деп әспеттеп,
Хақ сөзін «ақыл» деп хар болдық.
Нұрсыз сөз айтам деп ескектеп,
Қалып хақ назардан қор болдық!
Құраннан аулақтап – жарықтан,
Нәпсінің шыңынан ары асып,
Біз бір қор пендеміз зарыққан,
Секілді суалған қарашық!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу