Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  151


Автор: Құл-Керім Елемес

АДАМ ЖҮРЕГІ АУЫРАДЫ

Адамның шын адамы анық,
Жүрегінде адамның.
Адамы жоқ жүрегінде,
Аллаһы жоқ наданның.
Жүректе адам қазынасы,
Бар адамға тәндіктің.
Жүрегіңе енде, ондағы
Хақиқат пен мәнді ұққын...
Хақпен емес жүрек байқұс
Бұтпен толып кенесе,
Бұзылады Бір-ақ Тәңір
Демесе тек немесе!
Бұзылады жүрек байқұс,
Көп ойнап һәм көп күлген.
Өмір осы-ақ, басқа өмір жоқ,
Өлім – құру деп білген.
Бір де алмастан ақылына,
Жалғыз Хақтай Ұлықты,
Тек дүние толған жүрек,
Қоқсық салған тұлып-ты.
Бұзылады ондай жүрек,
Ауырады ем дарымай.
Ондай жүрек иесі өтер,
Мәңгі хаққа жарымай!
Адам жүрегі ауырады,
Хақ нұры оған толмаса.
Адам жүрегі ауырады,
Ішінде иман болмаса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу