Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  109


Автор: Құл-Керім Елемес

АЗАТТЫҚ

Иманға ұмтылу – азаттық алу нәпсіден,
Жалғанның сырын Жалғанда білер жақсы кем.
Өтеді пенде бір де рет өзін біле алмай,
Иманның үсті, нәпсінің самғап астымен...
Нәпсіні тыңдап, жүректі қою тыңдамай,
Тозақы түбі қорлық екенін білді Абай.
Нәпсінің емес, жүректің ісі оянған,
Жарқырай беру, жарқырағанын бұлдамай.
Өтірік, атақ, мақтан қорегі нәпсінің,
Бұл үштен қашу – қасиеті асқан жақсының.
Бұл үштен қашу егейдің келмес қолынан,
Қолынан келген Аллаһтың ембек ақ нұрын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу