Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  104


Автор: Құл-Керім Елемес

ШАҚЫРУ

Сыр перделері ашылыңдаршы?
Құдіреттіме жақындайын бір.
Қасиеттерімді асырыңдаршы?
Айтып өлейін ақындайын-дүр.
Рухым, тәнім үндесіңдерші?
Менімнің сырын көзіммен көрейін.
Әр ойым бір-бір күндесіңдерші?
Күнімді жарық өзім меңгерейін.
Әр сөзім, қане, жөнге кеңдерші?
Берекетсіз қу сирақтанбайын.
Жырымды жөнсіз «жөндемеңдерші?»
Жан – мұнарамды қиратқандайын.
Құранға қарап шынданыңдаршы?
Тек, сонда тектеп, жанданасыңдар.
Аллаһқа, ей, қарақ, шын наныңдаршы?
Аллаһсыз жарымжан ғанасыңдар!..
2005.12.10




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу