Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  153


Автор: Құл-Керім Елемес

ПАЙҒАМБАР

Пайғамбарға берілгені уахи – хақ!
Шындыққа ылғи қылыш,
Қанжар кезелді.
Саған жетпей жататыны ақиқат,
Ақиқатқа жетпегеннің өзі өлді!
Ақиқатқа жетпегеннің сөзі өлді,
Өтірікті өбістіргені үшін де.
Қақ құлдардың ерітеді сөзі елді,
Дүбір толы дүниенің үстінде.
Дүбір толы дүниенің үстінде,
Қақ құлдардың сөзі қалар «мәңгі» боп.
Қақ еместің халы айналып мүшкілге,
Өз арына өзі шабар әңгі боп...
Сөйтіп оны жалмар қорлап мәңгіге от!..
Астағфираллаһ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу