Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  78


Автор: Құл-Керім Елемес

БЕЛГІ

Жаныңа жарық өткізетін,
Жаныма жарық нұр келді...
Жалғассаң жарқ еткізетін,
Менен де қалды бір белгі.
Бір белгі қалды менен де,
Қалғандай даналардан боп.
Нұрсәулелеп тұр денемде,
Енді өліп кетсем арман жоқ!
Ибраһим,
Әбу Насырға,
Берілген жарық та осы еді.
Құлдығы жеткен ғасырға,
Аллаһтың олар досы еді.
Бетпе-бет келіп Жалғанмен,
Жалғаным жолын кесем көп.
Нұр берген аппақ Алламмен,
Дос болып өтсем екен деп!
2004.2.23




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу