08.02.2022
  98


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

КҮДІК КҮШЕЙЕ  ТҮСТІ.

 


Саға жолмен Қышқаш қорғанысына жеткен соң, төңіректі біраз аралап, лагерьге оралдық. Ақсаңдаған Сапар қарсы жолықты. Оның мұнда қалу сырын тек қана төртеуіміз білеміз. Қара сұр жүзі күрең тар- тып, көзін қысты. Шаршап тұрғандығымызды естен шығарып, оның соңынан ілестік.



  • Обал-ай,– деді ол қысық көздеріне мұң ұялап. Ауық-ауық қалың ернін тістелей береді. Шашы қобырап кетіпті.

  • Баланың көзі көрмейтін су қараңғы соқыр екен.


Ал мен білсем, ақ сәлделі нағыз алдамшы.



  • Асықпай айтшы. Не болды өзі,– деді шыдам- сызданған Әуес.


Бізден бөлініп лагерьде қалған Сапар амалын та- уып, беткейдегі қалың қарағайға кіреді. Қой тастарды тасалай-тасалай бейітке жақындап келеді. Бала мен шешесінің әңгімесінің үстінен шығады.



  • Ауылға қайтайықшы,– дейді бала жалынып. Анасы баласына сонау Құмбелден екі күн ұзақ жол жүріп келгендерін айтып жалынады. Әйел баланың он жасқа келгенше көзінің көріп, тіпті оқығанын да есіне түсіреді. Бала:

  • Қорқамын. Бейітте жалғыз түнемеймін,– деп еңірейді. Шешесі ем үшін шырақшыға әкелген қойы мен ақшасын да айтып салады.

  • Сен менің жанымда отырасың. Шырақшын-ың айтқаны келіп қалар, ләйім. Әулие бабаның қабірінің жа- нына қонып шық. Ем қонып, жарық дүниені көресің,– дейді анасы балаға.– Мен-ақ соқыр болайын.


Бала айтқанынан қайтпайды.


 


Көңілім босап кетті. Ашық аспан, көгілдір таулар. Шырылдаған бала. Мылқау бейіт. Меңіреу молалар. Ши басына ілінер шүберектер. Соқыр болсам, адам- дарды, апамды да, атамды да көрмеймін. Мен шын бақыттымын. Жолдастарымды, мына түнді көрудің өзі қандай! Қуанып кеттім. Ал анау баланы қарашы.



  • Сен далада арбаның үстіне жатасың,– деді соқыр бала.

  • Әрине, құлыным!– деді шешесі қуанып.

  • Анда-санда дауыстап қоясың ғой, мені тастап кетуші болма,– дейді бала.

  • О, не дегенің, құлыным! Ұйқым келе ме, сені жалғыз тастап...

  • Әйел көзіне жас алып, жаулығымен сүртеді.

  • Мама, сен жылап отырсың ғой,– дейді сезіп қойған бала.

  • Ал қойдым,– дейді анасы азар да безер болып.

  • Сен жылама,– дейді бала анасын жұбатып.

  • Мен әлі жазылып кетемін. Осындағы адам со- лай деген жоқ па?

  • Иә, балам,– дейді әйел баласының сөзін қостап.


– Балалармен ойнаймын ғой,– дейді бала қуанып.


– Айтқаның келсін, жаным,– дейді анасы. Сонан соң бала жолдастарын көргісі келгенін айтып армандай- ды. Адам жетектемей, өзі жүретінін айтып қуанады.


Жан-жағыма қарасам, достарымның жанары жасқа шыланып әрең тұр.


Ту сыртымыздан арбаның төніп келіп қалғанын байқамаппыз.


Етбетімізден жата кетістік. Көзіміз арбада. Тау қылып тиеген қарағайды шабдар ат әрең тартып бара-


 


ды. Үстінде бір уыс боп сәлделі отыр. Асығулы кейіп танытады.



  • Үйіне әкетіп барады,– деді Көкә.

  • Көлікті пайдаланып қалмақ қой. Мұның аты ал- дау!– деді Сапар.– Баланы қамқорлыққа алып, үйіне қайтарудың амалын қарастыру керек.

  • Қайтіп?– деп шу ете түстік.

  • Бүгін шырақшы бейітке кеш оралады. Сондықтан түнде баланы құтқарып, шырақшыны жа- залау керек,– деді Көкә.

  • Қайтіп?

  • Операцияның қиын жері де осы,– деді Сапар.

  • Ойланып отырып қалдық.– Мұндайда ақыл бе- рер кім бар?


Кешкі тамақтың дабылы естілді. Лагерьге қарай жүгіре жөнелдік.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу