Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  92


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ӘЛІБИГЕ ЕСКЕРТКІШ

Жайқалып ескен жас құрақ,
Сындың-ау әттең тас құлап,
Аз болды көрген жарығың,
Жалт етіп сөнді бір шырақ.
Қайырмасы
Балқұрақжаным
Балдырған
 Адамның асқақ мейірін
Қылығыңмен қандырған
Базар етіп бар үйді
Әр ісің қалды жандарған.
Қойныма жаттың аталап,
Сағынып жүрмін қаталап,
Ерекше ыстық бала едің,
Еске алам көзім боталап,
Қайырмасы
Менде ме кінә шақырған
Қайғыдан жүрек ақ ұрған
Боларын мұндай білмедім,
Адастым әбден ақылдан.
Шырқырап шықты-ау жас жаның,
Қап-қара болып аспаның,
Ауырлық артып біз қалдық,
Ойына келмес басқаның.
Жете алмай кеттің атаңа,
Жай түскен атаң жата ма,
Шақырып едім тойға мен,
Барғаным батты батаға.
Тасқын су түсер арнаға,
Шүкірлік «жоқ» пен «барға» да
Бергенін құдай өзі алды,
Е, тоба дейін аллаға
22 қыркүйек қаралы күн
 4 қыркүйек 1995 жыл Қызылтау




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу