Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  146


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

БАЛАЛАРҒА БАСУ АЙТУ

Көңілім қалды жақыннан, ағайыннан
Алыс кеттім олардың айқайынан
Қайда жүрсем артымнан сөз ереді
Қайран елім бұларды қандай қылам.
Мен қылғанды неге олар қыла алмайды
Мен ашықсам әрине бере алмайды.
Құдайдың ағып жатқан суын бұрып,
Тірлігімді мен білсем көре алмайды.
Мен қимаймын қандасты сұм өлімге
Қаяу түсті пәк жүрек ақ көңілге
Балаларым сендерге көп айтарым.
Ит те болса ағайын, сен жерінбе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу