Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  116


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТОЙ-ДУМАНДА

Біздің қазақ тойлауындай тойлайды,
Бір сөзден соң бір алғызбай қоймайды.
Бір емес-ау бірнешеуін алған соң,
Бір кішкене желпінбесе, болмайды.
Той-думанның қызған кезі бұл өзі,
Ақ жеңгеміз, жəрмеңке ғой бір өзі.
Құдашаның екі көзі менде отыр,
Екі арада көлбеңдеген кім өзі?
Жағдайым бар құдашаға қырындар,
Сіздер менің жай-күйімді ұғыңдар...
Біраз жерге барып қалдық, шамасы,
Кеудемізде бір керемет жылу бар.
Айтқызбай-ақ білген жігіт, жігіт қой,
Көңілденсең, дүние кең, биік қой.
Өмір өтіп бара жатыр, бауырым,
Мөлдіретіп құйсаң тағы, құйып қой!
Жəй отырсаң, кеш болады, күн батып,
Етке тойсаң, шəй келеді бір уақыт.
Той болған соң, гүл-гүл жайнап осылай,
Ағайынмен əн шырқау да бір бақыт!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу