Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  208


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СЕРУЕН

Айнала алқаракөк, қарабарқын,
Көтерді маусым келіп дала нарқын.
Ақ айдын, көкорай бел, жасыл желек,
Жайқалып шақырады қала халқын.
 Мөлдір су, моншақ таста жағадағы,
Көргенде есі кетер қала адамы.
Алтын күн, жалқын құмға жатады аунап,
Балықтай шыжғырылған табадағы.
Əлгі бір ақша бұлт та болды ғайып,
Əуенің шыжуын-ай, ал тұрайық.
Күміс су құшағына кетсең қойып,
Шығасың жаның сергіп, жан тыңайып.
Шоқ талдың саясында салқындап бір,
Уа, шіркін, ойнап-күлсе жарқылдап кіл.
Ас десе, аштан келген кісідейсің,
Не керек, далаңқы өмір жанға ұнап тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу