Өлеңдер ✍️

  28.01.2022
  2871


Автор: Таныстыру сөздері

Жігіт сұлтаны байқауына таныстыру

Елім дейтін, жерім дер мен бір балаң,
Бойымдағы өнерден бақыт табам.
Ассалаумалейкум елім, жұртым,
Ізет етіп сәлемді берем саған.

Жігіттің сұлтанына келіп тұрмын,
Жігіттерше көңілді бұрып тұрмын.
Кіші жүздің баласы мен боламын,
Ұсынатын шынайы ән мен жырын.

Абыройлы әкенің ұлы болам,
Бойындағы өнері жалындаған.
Мейірімді ананың баласымын,
Менмендіктің торына таңылмаған.

Есік ашса жігіттің сұлтаны бұл,
Ашық-жарқын күйімде қыламын үн.
Мейрамбектей ұлыңмын тыңда елім,
Еліменен, халқымен болатын бір.

Өзгеруге қақым жоқ бұл қалпымнан,
Бұл көмейім ән менен жырға толған.
Байқауымыз қызықты өту үшін,
Келгенін мен жасаймын барын қолдан.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу