26.01.2022
  843


Автор: Жібек Ысқақова

Қос жүректің лүпілі бірге үндесті (ана сөзі)

Қос жүректің лүпілі бірге үндесті,
Екі бұлақ қосылып, отау құрып.
Құтты болсын жаңа отау қарақтарым,
Бақытты бол, жүзіңде шаттық тұнып.

Бар тілерім жандарым бақытты бол,
Шаттығына бөлесін боп ашық жол.
Қанаттарың талмасын, биік самға,
Жұптарың бұл жазылмай өмірде сол.

Бұл ананың тілегі сендер үшін,
Соғып тұрған жүрегі сендер үшін.
Жаратқаным жар болып өздеріңе,
Бар жақсыны арнасын сендер үшін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу