Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  107


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Алыстаған сайын сен...

Жазсам-дағы көп өлең май тамызып,
Ән салсам да, арманды айтам үзіп.
Ерке сұлу, барасың есімді алып,
Тоқтап қалған дариямды қайта ағызып.
Асау арман жүректі қылқындырып,
Қайғым тасып жүргенде, күлкім тұнып,
Ай туғандай есіктің қарсы алдынан
Қашан келер екенсің сілкіндіріп?!.
Құмарлықтан шықса да менің есім,
О, кермиық, сөйлеуге ерінесің.
Алыстаған сайын сен, ақ аруым,
Аққу болып кеткендей көрінесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу