Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  267


ДАНАГҮЛ ИСАХУЛ

Жанардың монологы

…Сау соқырлығыңыз үшін аяймын сізді, аға.
Көзіңізге қараңыз!
О.Бөкей, «Жылымық»



Сізге не деп назданам, өкпем нендей?
Тағдырыма қалса егер көктем келмей.
Кездесу де, ұзақ мұң, қоштасу да –
Өмір деген ұғымды жек көргендей…
Сізге не деп кінә артам, жазығың не,
Артылады жанымның назы кімге?
Жарығы бар жанында жан деп алып,
Неге осынша жерідің нәзігіңнен?!
Не деп сізді, қалай деп кінәлайын,
Сізсіз қалай жарқырап туар айым?
Көңілімді жаураған жылындыр деп,
Босағасын қай бақтың сығалайын?
Аға, сізді ұстауға дәрменім жоқ,
Мүмкін кете барарсыз әлдекім боп…
Жаныңызда қалмақ ем бақты құшып,
Қалдырғыңыз келмеді әурелі, деп…
Білем, аға, түсінем… өмір солай,
Жанымды емдеп, жылытқан егілсе арай.
…Мені аяп, тесіліп қарап тұрды,
Бір бағы кем, жарты кеш, көңілшек Ай…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу