13.01.2022
  113


Автор: Әлібек Асқаров

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ақиық ақын Абдолла Жұмағалиев (1915–1942) 1939 жылы Қызылорда қаласына жұмысқа барады. Пәтер табылғанша алғашқы бірер күн мейман- ханада жатады. Бірде таңертең ояна келсе, – мейманхана әкімшілігі бұдан сұрамай түнде үстіне бір адамды кіргізіп жіберіпті... көрші кереуетте бөтен біреудің пыс-пыс ұйықтап жатқанын көреді. Абдолла атып тұрып, әлгі жігіттің көрпесін жұлып алыпты да:


 


- Әй, ұйқышы, өмір деген не? – деп айқайлай сұрақ қойыпты. Ана жігіт не болғанын түсінбей, тілі күрмеліп, көзі жыпылықтап, бүрісе түседі.


 


Сонда Абдолла көрпені былай серпіп тастап, ша- быттана қолын сілтеп:


 


- Өмір деген өрелі шың, адам деген тасбақа... Сол шыңға қарай жанталаса өрлейді жұрт қырқысып, бәрібір жете алмайды тырмысып... Солай, қарағым, ендеше бар ма арағың? – деген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу