11.01.2022
  2092


Автор: Жібек Ысқақова

30 жыл інжу тойларыңыз құтты болсын!

Құтты болсын отыз жыл, мерекеңіз,
Бар жақсыны тілеймін мен сіздерге.
Арта берсін лайым берекеңіз,
Жетіп сіздер қуанып жүзге бірге.

Отбасыңыз аман боп, жақыныңыз,
Мерейтойдан жетіңіз мерейтойға.
Жаратқаным жар болсын сіздерге тек,
Қуанышын, шаттығын жинап бойға.

Амандықта жасаңыз гүлдей жайнап,
Бағыңызда бұлбұл құс әні сайрап.
Інжу тойы жалғассын қуанышқа,
Әрбір күні шаттана, күліп-ойнап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу