05.01.2022
  288


Автор: Әлібек Асқаров

АЗАМАТ КелБеТі - 1

 


Мәметек би Жеті Көкжарлыға қарадан хан бо- лыпты. Орталығы – Шыңғыстай. Ол заман орыс әлі келмеген, бодан болмаған кез екен.


Мәметектің руы Дәулет, оның Еспол баласы- нан тарайды. Мәметек қазақтың хандық дәуірінде өмір сүрген адам, содан қартайып, өле-өлгенше билігі қолынан түспеген кісі.


Өзі аса бай болыпты, екі мыңнан астам жылқы, мыңғырған қой, табын-табын сиыр асыраған. Мәме- тектің 7 әйелінен 12 ұл, 6 қыз өсіп-өнеді.


Қазір сол 12 ұлдан ұрпақ мүлдем аз. Шығысқа орыстар басып кіргенде “біз бодан болмаймыз, құл емеспіз” деп көпшілігі Қытай асып кетіпті. Енді бір тобы Моңғолияға сіңіп кетеді. Қазіргі кезде олар Мәметек бидің ұрпағы екенін де ұмытып, бөтен елде шашырап, тарқап кеткен болар деген ойдамын.


 


Кеңес заманында “Би тұқымы” деп мұндағы ұрпағының біразын түрмеге жапты, жер аударды, ай- датып құртып жіберді. Қазір Мәметек бидің тұқы- мынан Шыңғыстай мен Черновада бірер шаңырақ қана қалды.


Мәметек бидің қалмақ әйелінен тараған ұр- пағының бірі – Әлібек Асқаров. Черновада туған, жазушы, мен білетін бүгінгі ұрпақтан сол бар.


Қазір Катонқарағай жері, Сарымсақты сіле- міндегі “Мәметек жайлауы” деген шалғыны жай- қалған, салқын самал кең алқапты бәрі біледі.


Мәметек туралы мен ескі кісілерден көп естідім. Бәрі де оны асқан құрметпен естеріне алып, тамса- на әңгіме қылатын. Сол әңгімелердің көбісі бүгінде есімде қалмапты. Осыдан 50–60 жыл бұрын естіген сол әңгімелерден айтарым мынау:


Қаратай жұрты Семей жақтан, тіпті одан да әрі Ұлытау жақтан, Сыр деген дарияның бойынан осы Катонқарағай жеріне тым ертеде көшіп келген екен. Ол кезде біздің Шығыста келімсек кержақтар жоқ.


Сөйтіп, Ергенекті мен Саржомарт – Ұлан мен Күршім өңіріне, Бура – Үлкен Нарын маңайына ор- наласады. Жәрімбет, Жәрке, Андағұл, Мұңайтпас, Өтей, Өтеміс қазіргі Серебрянка, Зерән, Абыла- кеттің шығысынан орын тебеді. Осылайша жоңғар соғысы кезінде жерін тастап қопарыла көшкен ру- лар мен тайпалар арада екі ғасыр өткізіп, өздерінің атақоныстарын табады.


 


1942 жылы соғыстан жараланып мен ауылға келдім. Сонда, бір кезде атақты болыс Ережеп- ке шабарман болған, сол заманда сексеннің бесі- тоқсандарға келіп қалған бір ақсақалдан естігенім бар. Сол естігенімді жазып та алғам. Оның маз- мұны былай.


Осы Өр Алтай жаққа жоңғар соғысы кезінде Бөгенбай батыр да келген сияқты. Бәріміз білетін Қанжығалы қарт Бөгенбайды айтам. Шабанбай жайлауы жақта “Бөгенбай асуы” деген үлкен бел, асу бар. Ол асуды бәрі біледі. Ақсақалдардың ай- туынша, Бөгенбай батыр ізінен қалмай қуалап оты- рып, қалың қалмаққа сол асудың үстінде күйрете соққы беріпті. Сөйтіп жүз елу жыл соғысқан ата жауымызды Қатын өзенінің арғы бетіне асырып, қуып тастапты. Ол – қазіргі Ойраттың жері. Ой- раттарды да, алтайлықтарды да бұл жақтың қазағы күні бүгінге дейін “қалмақ” дейтіні содан. Шүкір, Алтай қалмақтары қайтіп біз жаққа аяқ баспаған секілді.


Бала күнімде тағы мынаны естігем: Барақ батыр да сол Бөгенбай жорығында бірге болып- ты деседі. Бөгенбайдың шерігінде Қанай деген де батырдың болғаны айтылады. Репней жақта сол батырдың атындағы “Қанай жайлауы” бар. Қанай батыр сол жайлаудың үстінде жаумен шайқаста мерт болса керек.


Көнекөз қариялар Бөгенбай атының тұяғы Шыңғыстайға да тиген деп отыратын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу