Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  225


Автор: МАХАББАТ ЖАРБОСИНА

Күзгі хандра

Сұрғылт аспан көңілдің шынысындай,
Жадырамас бұл жүрек мұңы сынбай,
Түндерінде ызғарлы Қарашаның,
Дірілдеп бара жатыр тынысында ай.
Баққа қарай баспадым ақыры адым.
Кеудеде күзбен үндес жатыр əнім.
Жол бойында күттің бе, əлдекімді?
Жаныма кеп жайғастың жапырағым...
Сырыңды айт, ағыңнан жарыл енді,
Күз сенің алып кетті тағы неңді?
Жанымның жылуымен жылытайын,
Сарғайып кетіпсің ғой, сабыр енді...
Мен отырмын сəулесіз тауып күйді,
«Күз ағам» тағы сары сауыт киді.
Іздеген тəтті əуенім бұл емес қой,
Құстар неге нотадан ауытқиды?
Сырғанақ мұң көңілден тайып кетші,
Күз – өзімді кін
əла, айыпты етші...
Бəйшешектің нəзіктеу сұлбасын сап,
Жаңбырменен жүректі шайып кетші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу