25.12.2021
  264


Төрт түлік мал жайындағы шығарма

Негізінде қазақ халқы көшпелі жағдайда болды да, мал. шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе азық, кисе- киім, мінсе  көлік дегендей, көшпелі жағдайда болған, экономиканың басқа түрі дамыған қазақ халқы үшін төрт түлік мал. тіршілік тірегі болды.


Өзінің тұрмыс тіршілігенде осындай айырықша орын алған, пайдасы тиіп қызметі сіңген төрт түлік май жайында қазақ халқы ерте заманда  ақ неше түрлі әңгіме, жыр, өлеңдер шығарған. Бұлардың бәрінде мал. шаруашылығымен кәсіп еткен адамның төрт түлік жайындағы көзқарасы, ой арманы, тілек мүддесі өрініп отырады.


Ауыз әдебиетінде төрт түлік май жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері ең ерте заманда, ертедегі адамдардың жаратылыс сырын түсіне алмаған кезінің өзінде ақ туа бастаған. Шоқан Уәлиханов Шамандықтың қазақтардағы қалдығы дейтін еңбегінде төрт түлік мал. жайында туған шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың ой  өрісі төмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. Жаратылыс сырын түсіне алмаған ертедегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбәр құбылыстарды өзінше долбарлап жорыған, бұларда жаратушы күш бар деп. сенген, соған табынған.


Төрт түлік мал. жайында шығарылған шығармалардың алғашқы үлгілері осындай ескі сенім  нанымдарға байланысты туған. Онда әрбір түлікітің жаратушы құдайы бар деп. білген. Мәселен, қазақта Қазықұрт тауы деген әңгіме жыр бар. Осы жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі Діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндайды. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су қаптап кетеді. Тек қана Қазықұрт дейтін тауды су баспайды және осы таудың ығында Нұқ дейтін әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түліктің де тұқымы болады. Әрбір түліктен бір-бір тұқым аман қалады да, кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы, селері болады. Жылқының иесі  Жылқышы ата (кейде Қамбар ата деп. те аталады), қойдың иесі Шопан ата, түйенің иесі Ойсыл қара, сиырдың иесі Зеңгі-баба, ешкінің иесі  Сексек-ата деп. әрқайсына жекелей ат қояды. Әрбір түліктің осы секілді селері болғандығын, олардың арқасында топан-судан аман қалғандығын Қазықұрт тауы дейтін әңгіме-жыр былай суреттейді:



Қазықұрттың басында кеме қалған.


Ол әулие болмаса неге қалған?


Жетім бота үстінде жатып қалып,


Ойсыл қара жануар содан қалған. 


Бадан әрі қарай жыр басқа түліктер жайын сөз етеді. Әрбір түліктің қалай өрбігенін айтқанда, өлеңнің бастапқы екі жолын қайталап отырады.


Халықтың төрт түлік мал. жайындағы, оның қалай өрбіп өскендігі жайындағы алғашқы көзқарасы, ұғым  түсінігі осылай болып келеді. Төрт түліктің өзалдарына селері болуына, әр қайсына жекелей ат қоюына қарағанда, біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда, яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде, туған деуге болады. Олай дейтін себебіміз мынадай.


Шоқан Уәлиханов ислам діні жайын айта келіп: Қазақ арасына ислам Діні XIV ғасырда ене бастады дейді. Академік В. В. Бертольд бұл жөнінде былай деп. жазды. Сырдария бойында, Хорезммен көршілес отырған қыпшақтар XII ғасырдың аяғына дейін мұсылман емес еді, жалпы алғанда монғолдардың басқыншылық жорығына дейін ислам түріктердің көпшілігінің діні емес болатын. Ал қазақ тарихын зерттеушілер де осы пікірді қолдай отырып, қазақ арасына ислам діні XIV ғасырда ене бастады деп., бірақ ол XVI ғасырға дейін бүкіл ел қолданған тұтас дін еместігін көрсетеді. Мұнымен қатар, тарихшылардың бәрі де XIV ғасырға дейін қазақтар көп құдайға табынып (шамандық кез) жүргенін айтады. Ол кездегі адамдар жаратылыс сырын түсіне алмағандықтан, ой-өрісі төменгі сатыда болғандықтан жоққа сенген, дүниедегі әр түрлі құбылыстарды күшті санап, құдай есебінде соған табынған. XVI ғасырдан бергі жерде де яғни қазақ арасына ислам діні молынан жайылған кезде де екі дін (шамандық пен ислам) қатарласа жүрген.


Төрт түлік мал. жайында шығарылған әңгіме, өлең, жырлардың алғашқы үлгілері ерте заманда туып, бертін келе дами береді. Тұрмыс тіршілігі төрт түлікке байланысты болған шаруа адамы мал. баласын қадірлеп, ардақтай түседі. Сондықтан да ол төрт түліктің иелеріне жалынып, жалбарынып та жүреді. Малға ауру, інде жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет деп., төрт түліктің иелеріне тіл қатады, әрқайсына арнай тілек етеді.


Қазақ халқының ертедегі күн  көрісі, тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы төрт түлік малға байланысты болғандағы ауыз әдебиетінен белгілі орын алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу