22.12.2021
  932


Автор: Жібек Ысқақова

Мейрамыңызбен, анашым!

Мейрамыңыз құтты болсын, анашым,
Көктемдейін жаныңызды гүлдеткен.
Әр күніңіз нұрлы болсын, анашым,
Шаттығына бөлеп сізді бұл көктем.

Саулығыңыз мықты болсын, анашым,
Мол байлыққа жаныңызды кенелткен.
Жаратқаным бар жақсысын сыйласын,
Бақытыңыз алақанда тербеткен.

Жүзіңізден кетпесінші қуаныш,
Бар жақсылық таба берсін жалғасын.
Көтеріңкі болып сіздің күйіңіз,
Қатал тағдыр қиындығын салмасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу