Өлеңдер ✍️

  18.12.2021
  27953


Бауырды еске алу!!!

Жыл өтсе де, жан ағам жыр жазамын
Есімізден шықпай жүр, сол қаза күн
Жайлы, жарқын бауырым жатырсың ба?!
Біздер үшін əрбір түн бір жаңа мұң

Сен жоқсың, ешқашан толмайды орның
Жан бауырым, қалайша жерге ендің
Сенбейміз де, сене алмай жүрміз əлі
Көретіндей жүзіңді тағы... тағы... Күндер өтті қаншама, айларымен
Шабытымды шырқатқан мұңдар кілең
Саған өлең арналар неше түрлі
Сағыныш бар, сан-сақтағы ойларымен

Жан бауырым кеше тағы түсіме ендің
Келдің дағы жылаттың бəрімізді
Бітпейтіндей сезілді-ау түсім менің
Отырдың ғой ағам-ау жанымда ізгі

Бүгін сенің туған күнің, бəрі есте
Жетерме едің бағындырар белеске
Жиырма сегіз жасқа бүгін толар ең
Кім біліпті кетеріңді келмеске...
Келіп жүрсің жан бауырым, лезде еске
Ұмытпаймын ақылыңды,
ұстап жүрем сөзді есте
Жан бауырым, жан ағам, сағынышым
Амалда жоқ барлығына көнбеске

Сезем бəрін сен менен жырақтасың
Жұмыр жүрек бір сен деп жыр ақтарсын
Есіл ағам, еңсемді еш түсірмеймін
Сені ойласам, бəрі де түсім деймін
Білем бəрін, білсемде, түсінбеймін... Сен келердей сезілед(і) кейде кейде
Мына өмірге сыймаған жұлдызсың ғой
Естен мүлдем кетпейді жарқын бейне
Сағыныштан жазылған бұл бір түнгі ой

P.S.: Ээээээх... Терең күрсінесің... Қатты сағынасың... Қанша сағынғанмен келмейтініне көзің жете тұра, сағына бересің... сағына бересің... естен кетпес естелік жылдарды есімізде мəңгілікке қалдырған ер мінезді Ерағам... туған күніңмен?☹ Жалғанда болғаныңда 28 жасқа келер едің-ау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу