07.12.2021
  134


Автор: Егеухан Мұқамәдиқызы

Қыс көрікті

Жауған аппақ қарымен,
Қыс көрікті –
Аяз қысқан кәрімен.
Қыс көрікті –
Аққала мен сырғанақ,
Қыс көрікті –
Күміс қылау сәнімен.





Жапалақтап,
Жауған аппақ
Қарда шығып ойнаймыз.
Қар уыстап,
Ұрлап асап,
Қызығына тоймаймыз.






Қарды үйіп,
Суды құйып,
Жасап едік сырғанақ.
Қатпай суы,
Кеппей буы,
Балаларға бол мазақ.






Ызғары бар,
Сықырлап қар,
Баурап сырнай әнімен.
Аппақ сүңгі,
Моншақ ілді,
Орман мүлгін сәнімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу