Өлеңдер ✍️

  07.12.2021
  282


Автор: Егеухан Мұқамәдиқызы

Тай мінем

Жазда жайлау,
Бие байлау,
Өте қызық тамаша.
Топ-топ бала
Құмарлана
Жүгіреміз жараса.

Құлын ұстап,
Алсақ ұшпақ,
Желіге әкеп байлаймыз.
Мақтана біз шаттанамыз
Ауыл салты тойлаймыз.

Тай мінгенде,
Мөңкігенде
Жалдан ұстап аласың.
Болсаң да мәз,
Тәжірибе аз,
Оқыс құлап қаласың.

Ызаланып,
Намыстанып,
Тайға қайта мінесің.
Жігерленіп,
Бермей ерік,
Бас білгізіп жүресің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу