03.12.2021
  778


Автор: Жібек Ысқақова

Достарға жаңа жылға тілек

Дос дегенің қасыңнан әркез табылар,
Дос дегенің шам шырақтай жағылар.
Шамшырағым, жарық берер жан досым,
Алыс кетсем іздеп мені сағынар.

Асыл досым, оу бауырым, жан досым,
Құтты болсын жаңа жылың кеп жеткен.
Жаңа жылда көп болсын деп тілеймін,
Қуанышты күндерің бұл нұрлы еткен.

Қиындығың болмасын деп тілеймін,
Жаңа жылың жақсылыққа ұласып.
Биіктерге жетелесін жаңа жыл,
Асулар мен биік-биік қырды асып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу