Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  193


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Күйеуге күйдіргі сөз

( Дәулетжан Жазықбекұлына)
I
« Қайынаға» деп қасыма жайтаңдай кеп,
Бір көрініп жоқ болдың сайтаңдай боп.
Саясат деп сапылдап сарнап жүріп,
Алғансың-ау сылдыр тіл май таңдай боп.

Келіп тұр деп қайнағаң қақсап еді,
Қақсағаны аяғы ақсақ еді.
Күйеу болып қызталақ қыз алғанша,
Құйын болып кеткенің жақсы-ақ еді!

Салмақ салған жерім жоқ
«Сүйе, бүйт...» деп,
Өз басыңды кеттің ғой жүре күйттеп.
Қыз алған соң қайрылып қарамайтын,
Қазақ бекер айтпапты «Күйеу- ит» деп?!

Сенсіз дағы сыйлап жүр талай күйеу,
Қайынағаға қашанда «малай» күйеу.
«Ұрттай алмай шайыңды отырмын» деп,
Көдек бекер айтпапты-ау «Мамай» күйеу!

Егескенмен ерленіп егесем мен,
Егесетін бір кезде емес ем мен.
Бұданда ауыр бір түрлі сөз айтар ем,
Қарындастың көңілі демесем мен.

II
Қадіріне жетпеген қазақ аттың,
Жер басқаның ер болып азап-ақ тым.
Мірдің оғын келеді қадап атқым,
Кеудесіне жағымпаз «азаматтың».

Ойнағанмен тұлпардың құлағында,
Ізі өшкен кешегі құба-құмда.
Қазақсың ба?
Өзіңнен сұрадың ба?
Қайғысына қазақтың жыладың ба?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу