Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  114


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Cәулетке сәлем

( С. Тоқтыбаевқа )

Сәуке, саған хат жаздым,
Қанатымен ақ қаздың,
Қасірет-қайғы қалыңдап,
Қайтейін досым қатты аздым.

Жаралы жанмын жабырқау,
Тірлік пе мынау таңырқау.
Тереземді ашсам тек қана,
Көрерім жалғыз Тәңіртау.

Сол менің тілсіз сырласым,
Көтерер ме едім бір тасын!
Менің көп қайғым секілді,
Қара бұлт қаптап тұр басын.

Жай түсіп бұлтын жайратып,
Түндігін таудың күн ашар.
Ал менің қайғы бұлтымды,
Күнім ау, күндей кім ашар?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу