Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  98


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

ҮНДЕМЕСТІҢ ҮНІ

Қолым жетіп көрген жоқ еш мансапқа,
Көргемін жоқ мансабыңды аңсатпа.
Содан мені сонадайдан сорлы деп,
Жүгіртіп жүр осы жұртым сан-саққа.

Ұлың мен бе ұран салып ел билер?
Ұран салсам ұлыдың деп жерге илер.
Ішімдегі запыранды ақтарсам,
Жұртым мені есі ауысқан Нерби*-дер.

Көзден емес сөзден бүгін қорқасың,
У мен ысқа үйретті жұрт қолқасын.
«Шықпаса атың, жер өртені» айтпа енді,
Таптым талдап қалың топтың ортасын.

Қалмайын да, қалың топтан озбайын,
Озамын деп отымды үрлеп қозбайын.
Абайымның алтын тілін алмаған,
Тоң елімді жібітем деп тозбайын.
(***Нерби—жынды)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу