Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  134


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ИМАНЫҢДЫ ҮЙІР...

«Иманыңды үйір, халқым,
Ел-жұртың босқын болмасын.
Иманыңды үйір, халқым,
Табан астында тасқын болмасын
Иманыңды үйір, халқым...»


 


Серік Тұрғынбекұлы,
«Бұл қазақты төзім ғана тұр сақтап»,
«Жас Алаш», №31,21.07.2011.



Иманыңды үйір, қазақ,
Оралмандар босқын болды.
Иманыңды үйір, қазақ,
Табан асты тасқын болды.
Иманыңды үйір, қазақ,
Байығандар қашқын болды!
Иманыңды үйір, қазақ,
«Әділ» соттар залым болды.
Иманыңды үйір, қазақ,
Сауатсыздар ғалым болды.
Иманыңды үйір, қазақ,
Ер ұлдарың жазым болды.
Иманыңды үйір, қазақ,
Болашағың құрбан болды.
Иманыңды үйір, қазақ,
Қаншама жұрт жынданды, өлді.
Иманыңды үйір, қазақ,
Ажалың қай сұмнан болды?
Жан көргісіз күйім, кейпім,
Болдым, біттім,
Тәмәм күшім...
Иманыңды үйір дейтін
Мен емеспін жаналғышың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу