Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  137


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ЫЛЫҒУ МЕН БЫЛЫҒУ

Ырықсыз келгенім, кетерім,
Ылығып әрнеге нетемін?
Алланың дидарын аңсамай,
Не мұрат, мақсатқа жетемін!
...Өзің деп кеудемді өр еттім,
Онан соң, көңілді шер еттім...
Қара жер,
Көк аспан,
жауап бер,
Мен кімге керекпін?



Болат Жетекбай,
«Аян»,
Алматы, 2010 ж.,
119-120 б.



Кей кезде делеңдеп етегім,
Аузыма келгенді бөсемін.
Ондай сәт ойламай Алланы,
«Ылығып» әрнеге кетемін.
Артымда із қалар дерекпін,
Сақ жүрген саяқ бір серекпін.
Ырықсыз болса егер жазғаным,
«Ылығып» мен кімге керекпін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу