Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  318


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

АЛТЫНБЕК КЕЛІН АЛҒАНДА

Көктөбенің аспанын әнге бөлеп,
Келін алып, қуандың елден ерек.
«Жұғысты болсынды» айтып келіп тұрмыз,
Келінді боп біз әлі көрмеген ек.
Көктөбеде жақсы үрдіс бастадыңыз,
Ішімізге ішейік жақса қымыз.
Жаңаарқаның төрінен келін алдың,
Астана деп, Арғын деп саспадыңыз.
Құтты болсын ендеше құдаларың,
Бұл дәстүрді жалғайық бұдан әрі.
Астана мен Алматы мықтылары,
Құдалықпен бүгінде сыналады.
Әркімде де болады сыналар күн,
Қуаныштың сынына шыдар әркім.
Сенен мықты, Алтеке, кім бар бүгін –
Қайын – қырғыз болғанда, құдаң – Арғын!
Тойда айтылған оң болсын сөнбес тілек,
Ұл-қызыңа жүре бер тең қосшы боп.
Өрісіңді ұзартсын ұрпақтарың,
Жазылмасын жұптары – Елдос-Жібек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу