Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  130


Автор: Аслан Ғафуров

ҮНСІЗДІК

Адамдардың табанға сап тағдырын,
Мен білмеймін не боларын арғы күн.
Мына мылқау мешел күйі қоғамның,
Үнсіздікке теліп жатыр барлығын.

Ой жүгіртсең он сегіз мың ғаламға,
Ардан ақша қымбат болды-ау адамға.
Көкірегіне тұндырады ащы шер,
Замандасқа зарын шаққан заманға.

Қоғам үні естілмейді алыстан,
Заман мынау желден жүйрік жарысқан.
Шіренуді ғана білген шенеунік,
Шеттерінен туа біткен данышпан.

Адамдықтың түкке тұрмай наласы,
Озбырлықтың озды қазір бағасы.
Соның бәрін бұғып жатқан баурына,
Мына мылқау дүниеге қарашы!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу