Өлеңдер ✍️

  21.11.2021
  430


Автор:  Жанар Ешназар

Жақсы көр

Жақсы көр мынау жарықты,
Демегін ғұмыр қиын бұл.
Сездіріп саған парықты,
Тәңірдің берген сыйы бұл.

Уайымсыз жүру бақ емес,
Пайымсыз пенде қараңғы.
Сараңдық жанға шақ емес,
Жомарттық ашар санаңды.

Сүйсеңіз ғұмыр, береген,
Білсеңіз дұрыс бағаңды.
Бақытқа сені теңеген,
Жақсы көр ата-анаңды.

Жаныңа жақын жандарды,
Жақсы көр туған-туысты.
Еңбектен, алғын заңғарды,
Жақсы көр шаруа, жұмысты.

Өзіңді сүйгін, сүйе де,
Көңілді шатқа бөлсеңші.
Мейірім төккен күйге ене,
Мені де жақсы көрсеңші...

Жаман іс көру оп-оңай,
Жақсылық көру құн биік.
Жүргенше кейіп, көре алмай,
Жүрейік сөзсіз шын сүйіп.

Жанар Ешназар
14/08/2018 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу