Өлеңдер ✍️

  20.11.2021
  206


Автор: Нұрбол Құдайберген

Антидепрессант

Ар ма досым,
Шертіп жүрсің қандай күй?
Қажытты ма мұң соңыңнан қалмай кей?
Мағынаны аңсадың ба? Ендеше
Өз отыңның алауына жанбай күй.

Сезіп тұрмын алай-дүлей тасыдың,
Кейде тулап кейде несін жасыдың,
Кейбір сəттер жараласа жаныңды,
Емдер əлі уақыт дейтін ғашығың.

Саған керек нəрлі көктем гүл алқап,
О ,қарашы құстар келед(і) тыраулап,
Адамдарға мұқтаж емес махаббат,
Махаббатсыз адам қалай жүре алмақ?!

Ия, ізгі жан,мен білетін үш нəрсе:
(Қуанамын сені демеп күш берсе)
Аппақ Арман ,үзілмейтін Үмітпен,
Соған Сенім- өңім дейтін түс көрсе.

Жаттанды сөз бірақ сондай айбынды,
Айбындының келешегі айқынды,
Сенші досым сен келгенсің өмірге,
Құшағыңа басу үшін ай- күнді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу