Өлеңдер ✍️

  18.11.2021
  163


Автор: Жібек Ысқақова

Бұл қазаққа пана болған — Елбасы

Бұл қазаққа пана болған —Елбасы,
Көпшілікке аға болған — Елбасы.
Ең алғашқы президенті қазақтың,
Ел алдында дара болған — Елбасы.

Қазағыма қорған болған — Елбасы,
Өзі ғана орман болған — Елбасы.
Қазақ үшін туылған ұл ғажайып,
Өзге елге арман болған — Елбасы.

Жүрегі «қазақ» деп соғатын — Елбасы,
Тілегі «қазақ» кең болатын — Елбасы.
Абыройын асқақ еткен қазақтың,
Жанашыры, ер болатын— Елбасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу